Руханият

«БОТА» орталығы жастармен толықты

Періштесі қақты ма? Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы жанында жұмыс істейтін «БОТА» жастар интеллектуалды орталығының ұйымдастыруымен «БОТА – жастарды шақырады!» атты жас буынмен кездесу кеші өтті. Жиынға өнерге, өлеңге талабы бар жастар жиналып, бар қабілетін ортаға салды және орталыққа мүшелікке қабылданды.

Сурет:ұйымдастырушылардан

Аталған іс-шара барысында кітапхана басшысының орынбасары Надежда Шмойлова орталыққа жаңадан қосылып жатқан жас буынға ақ жол тілеп, ізгі тілегін білдірді.

Жастардың назарына «БОТА» жастардың интеллектуалды орталығы туралы мәліметтер ұсынылды. Орталық тарихынан бейнежазбалар көрсетіліп, атқарылып жатқан рухани игіліктер хақында кеңінен әңгіме айтылды.

Жазушылар одағының мүшелері, осы орталықтан шыққан ақындар «БОТА» жастардың интеллектуалды орталығының жаңа мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, өз шығармашылығынан өлең оқыды.

Жас орталық мүшелері де қалыс қалмады. Атап айтсақ, Толқын Амантаева, Мөлдір Ілияс, Бекзат Берістем, Индира Хасенова, Жаннұр Сағынғалиева, Мақсат Жарылқасын, Аружан Бәкірова, Қызғалдақ Ержанқызы, Айнұр Қанышқызы, Өтеш Ақжүніс, Альмира Ахметжанова сынды жастар өз өлеңімен қоса, аға буын ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.

Домбырасын жанына серік еткен Ерболат Орынбасар күйді шебер ойнап, ұлттық аспапқа икемділігімен елді өзіне қарата білді. Халық арасында «Жалған өмір-ай» әнімен танылған кеш қонағы, жас әнші Мәди Ахметқожа әдемі ән шырқаса, жас айтыскер ақын Бекарыс Оспанов «БОТА-ға» дайындап келген арнауын айтты. Сонымен қатар, «Әдемі-ай» би ансамблінің биші қыздары өздерінің мың бұралған биімен кештің сәнін кіргізді.

Кеш соңында іс-шараға қатысқан өрендерге кітапхана әкімшілігі атынан Алғыс хат табысталды.

Жәлел ШАЛҚАР.

Оrtalyq.kz   

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button