Жаңалықтар

Болашақтың бағдары

Болашақта елiмiздiң қарқынды өсiп-дамуын қамтамасыз ететiн он міндеттің ішінде «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты 7-міндетті жүзеге асыру үшін білім, ғылым, тіл саласына қатысты мәселелерге кеңінен тоқталған. Осы орайда, біз Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», – деп ескерткенін естен шығармаймыз. Байыптап қараған адамға осы Жолдауда тілдің мәселесі нақты шешім тауып отырған сияқты. Олай дейтінім, біріншіден, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мектептен бастап дұрыс қолға алыну керектігін ескертсе, екіншіден, қазақ тілінің лексикасын дұрыс жүйелеу керектігіне тоқталады. Оның бір ұштығы терминдерді біріздендіруде жатыр. Осы уақытқа дейін өзімізді толғандырған «Терминдерді қалай қолдану керек?» деген сауалға нақты жауап алып отырмыз. Қазақ ғылымының тағдыры дұрыс қалыптасқан терминдерге байланысты екенін ескерсек, болашақта оның да шешімі табылатынына көзіміз жетіп отыр. Үшіншіден, қазақ жазуын жаңа латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын тағы бір атап өтеді.

Президенттің биылғы Жолдауындағы мәлімдемесі бiздiң болашақ өсуiмiздiң, өркендеуiмiздiң, тіліміздің мәртебесін арттырудың нақты тұғырнамасы iспеттi. Олай болса, Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өз үлесін қосуға тиісті.

Ж.ЖАҚАНОВА,

Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button