Ресми

Болашақ үшін таңдау жасаймыз

Қазір біз қоғамымыз, еліміз үшін оның болашағы үшін маңыз ды таңдау алдында тұрмыз. Сол таңдау еліміздің дамуына, келешек ұрпақ – балаларымыздың болашағына тікелей əсер етпек. Менің ойымша, халық дұрыс шешім қабылдайды.

Сурет aktau-business.com

Қазақстан бүгінде энергия тапшылығын сезініп отырғаны рас. Жаңа мыңжылдықта, ғылым мен техниканың дамыған заманында энергияға тапшылықтың болуы нонсенс деп ойлаймын. Еліміз даму үстінде, халық саны да өсіп келеді. Біз қуат тапшылығын бүгін бастан кешіріп жатсақ, ертең балаларымыздың болашағы қалай болады? Энергетикалық проблемасы бар елге инвесторлар да қызықпасы анық.

Уақыт орнында тұрған жоқ. Заман өзгерді, технология дамыды. Бастысы, АЭС құрылысындағы қауіпсіздік талаптарын тиісті орындап, салу керек. Өткеннің мысалдарын айтып, болашақтан бас тартуға болмайды. Енді бір 5-10 жылда энергетика инфрақұрылымы əбден тозған кезде бізде таңдау да болмай қалады. Қазір мүмкіндік барда қамданған дұрыс. Себебі, АЭС салу бір күннін шаруасы емес. Тіпті, бірнеше жыл қажет етеді. Оған орасан зор қаражат, ресурс, инвестор, кадр қажет. Дəл қазіргі уақытта елде бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар. Соны пайдалана білу керек. Десе де, Мемлекет басшысы осындай жауапты шешімді қабылдауды елдің еркіне қалдырып отыр. Бұл ретте Президент қазақстандықтардың пайым парасатына сенім артып отырғанын аңғару қиын емес. Себебі, барлық мемлекетте ондай таңдау беріле бермейді. Ал, біз, Қазақстан халқы, бұл мүмкіндікті дұрыс пайдала білуіміз керек дегім келеді. Өзіміз үшін, болашағымыз үшін.

Арман ТУТКУШЕВ,
Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының криминалистика кафедрасының доценті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button