Жаңалықтар

Болашақ музейі

      Осы айдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінің мұрасын көрмеден кейінгі пайдалану кезеңін бастады. Қонақтарды «ЕХРО – 2017» Ұлттық павильоны, «Нұр Әлем», Үздік тәжірибелер аймағы және тақырыптық павильондар қарсы алуда.

 

Мұнда үздік цифрлық, мультимедиалық және интерактивті технологиялар арқылы ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиясы қамтылған. Отандық ғалымдардың жобалары мен жаңғыртылатын энер­гия көздерін (ЖЭК) қолдану бойынша стартап-жобалары бар. Плазмадан энергия алу үдерісін көрсететін алғашқы қазақстандық «Токамак» КТМ» материалтану термоядролық реакторының макетін де осы жерден көресіз. Қазақстанда қолдануға болатын және енгізіле бастаған әлемнің үздік ЖЭК жабдықтарымен де танысуға мүмкіндік бар.

Осылайша, «EXPO – 2017» аяқ­тал­ғанына қарамастан, кішігірім жаңартудан өткен көрме аумағы қай­тадан белсенді және көпқырлы өмірін жалғастырмақ. Бұл мақсатта арнайы Тұжырымдама бекітіліп, мақұлданды.

Бірінші – «ЭКСПО» мұрасын сақ­тау және «Болашақ энергиясы» идеясын одан әрі дамыту.

Екінші – «ЭКСПО» аумағын жаңа іскерлік орталық ретіндегі Астана қаласы дамуының Бас жоспары және стратегиясына біріктіру.

Үшінші – «ЭКСПО» нысандары мен аумағының максималды саудалық тиімділігі.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button