Спорт

Боксшы Асланбек Шымбергенов – Азия ойындарының қола жүлдегері

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қола жүлдегер атанды.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасып, отандасымыз төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Севон Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қаша жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Асланбек басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді – 2:3.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы сапында бір ғана боксшы қалды. Ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев қана алтын медаль мен Олимпиада жолдамасы жолындағы жарысты жалғастырады. Ол кешке жартылай финалда үнді боксшысы Нарендермен қолғап түйістіреді.

Жекпе-жектен кейін құрама бапкері Мырзағали Айтжанов жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

– Айтар сөз жоқ. Протест алынбайды. Жақсы дайындалып шықты. Барлық 3 раундты жақсы өткізді, – деп қысқа қайырды ол.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button