Жаңалықтар

Бочкаров «Сарыарқа» сапында

    «Сарыарқа» хоккей клубы шабуылшы Валерий БОЧКАРЕВПЕН келісім-шартқа отырды. Болашақта жиырма жастағы хоккейші қарағандылық клубтың сапында ойнайтын болады.

1997 жылы туған хоккейші Валерий бұған дейін Подольскінің «Витязь», Мәскеудің «Красная Армия» командасында ойнаған.

17 жасында жас шабуылшы «Витязь» хоккей командасында Жастар хоккей лигасында сәтті өнер көрсетіп, 4 матч өткізген. Ал, өткен маусымда хоккейші Құрлықтық хоккей лигасындағы бәсі жоғары бәсекеде Мәскеудің «Красная Армия» құрамында ойнап, 9 ұпай жинаған.

Көптеген кездесулерде, шапшаң­ды­ғымен және мергендігімен таныл­ған шабуылшыға мамандар сенім артып отыр.

Айта кетейік, жоғарғы хоккей лигасында «сарыарқалықтар» жеңісті жолын жалғастыруда. 14 қаңтарда «Сарыарқа» хоккей клубы Ижевсктің «Ижста́ль» хоккей клубымен кездесіп қарсыласынан басым түсті. Есеп – 6:8.

Бүгін Воскресенсктің «Химик» командасын «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында қабылдайды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button