Жаңалықтар

Бизнестің жаңа мүмкіндіктері

   Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр бизнес-климатты жақсарту және кәсіпкерлер шығындарын азайту қажеттілігі бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл мақсатта Кәсіпкерлік басқармасымен Қарағанды облысында бизнесті жүргізуге арналған жағдайларды жақсарту және жаппай кәсіпкерлікті оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2017-2019 жж. арналған егжей-тегжейлі жоспар әзірленді және Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Жоспардың алғашқы жылында көп шаруа жасалды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында екінші толық форматтағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) ашылды (Ермеков көшесі, 29 үй). Кәсіпкерлердің жаңа бизнес ашуға жұмсалатын уақытын қысқарту мақсатында КҚКО-да бүгінгі күні инфрақұрылымның қосылу нүктелері туралы ақпараты бар 110 учаскені қамтитын және жақын арада 313 учаскеге дейін толықтырылатын бос жер телімдерінің электрондық картасы және бизнесмендер үшін 40 тиімді ұсыныстармен қамтылған ірі кәсіпорындардың бос тұрған үй-жайлар картасының жасалуы және орналастырылуы бойынша жаңа бастамалар жүзеге асырылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің жанында облыс әкімінің басқаруымен кәсіпкерлік сұрақтары бойынша комиссия құрылды. Нәтижесінде бизнес үшін тарифтік ставкаларды төмендету (Қарағанды қаласы бойынша заңды тұлғаларын сумен жабдықтау қызметтеріне) және отандық тауар өндірушілерді тарту тұрғысынан мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелері шешілді.

«Сарыарқа» ӘКК бос үй-жай базасында, Ермеков көшесі, 33 үй мекен-жайы бойынша жаңа коворкинг-орталығы ашылды. Орталықта жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес-семинарлар және консультациялық қызметтер көрсетіледі.

2017 жылы Қарағанды облысының 6 жоғары оқу орындарының қатысуымен «Студенттік ортадағы жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құру» бағдарламасы іске қосылды. 2017 жылдың қараша айында алғашқы рет Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында республикалық жастар кәсіпкерлігі форумы өтті.

Бизнесті тексеру саны 2017 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді және 2018 жылға 30 пайызға дейін төмендету жоспарланған, рұқсат беру құжаттарына және ақпараттық құралдарына тексеріс жүргізілуде.

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бизнес үшін нақты қолдау болды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында бизнеске стипендия беріле отырып, тегін оқытылу, микрокредиттер мен кепілдіктер алу мүмкіндігі берілді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жалпы 1313 кәсіпкер білім алды. Жеңілдікті микрокредиттермен 826 ауылдық және қала кәсіпкерлері қамтылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (әрі қарай «БЖК 2020») аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету жалғасты, оның аясында 249 бизнес жобаларына (жүзеге асырылған сәттен бастап 1399 жоба) қаржылық көмек көрсетілген. Оның ішінде:

инвестиция жалпы сомасы 30,4 млрд. теңгеге (іске асыру сәтінен бастап – 146,7 млрд. теңге), 200 жоба субсидияланды (іске асыру сәтінен бастап 997 жоба);

жалпы кредиттер сомасы 0,7 млрд. теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 4,2 млрд.теңге), 34 жоба (іске асыру сәтінен бастап 179) мақұлданды;

28 млн. теңге сомасына (іске асыру сәтінен бастап 411 млн.теңге) 12 жоба бойынша (іске асыру сәтінен бастап 162) грант берілді;

жетіспейтін индустриалды инфрақұрылымды жүргізуге 675,6 млн. теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 8,6 млрд. теңге) 3 жоба (іске асыру сәтінен бастап 61 жоба) мақұлданды.

Жоғарыда көрсетілген қолдау шараларын іске асыру 2017 жылы қатысушыларға 2,7 млрд. теңге салық төлеуге, (іске асыру сәтінен бастап 24,1 млрд. теңге) және 9,8 мың жұмыс орнын (іске асыру сәтінен бастап 88,3 мың жұмыс орны) құруға және сақтап қалуға мүмкіндік берді.

«БЖК – 2020» бағдарламасының маңызды бағыты кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау болып табылады. Қолдаудың бұл бағыты бизнесті жүргізу негіздерін оқыту және әлеуетті және кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешенін қамтиды.

Бухгалтерлік есеп, заңды консультациялар, маркетинг, бизнес-жоспарлау, IT -технология салаларында 3165 кәсіпкерге (іске асыру сәтінен бастап 11970) сервистік қолдау көрсетілді.

«Бизнес – Кеңесші» құралы бойынша 1415 тыңдаушы (іске асыру сәтінен бастап 12,3 мың), ШОБ топ-менеджментін оқытуға 33 кәсіпорын басшылары (іске асыру сәтінен бастап 194), «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 51 адам (іске асыру сәтінен бастап 292) оқытудан өтті.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалар аясында 8,4 мың клиентке (іске асыру сәтінен бастап 26,2 мың), 32,3 мың (іске асыру сәтінен бастап 86,9 мың)консультациялар берілді.

Бизнес үшін әкімдердің жергілікті бюджеттерден бөлген гранттары үлкен көмек болды. 2017 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін 26,7 млн. теңгеге 62 грант бөлінді.

Қала құраушы кәсіпорындармен Серіктестік туралы келісімдер жасау тәжірибесі жалғасуда. 2017 жылы облыс кәсіпкерлерімен 2016 жылмен салыстырғанда серіктестік туралы келісімдер 3 есе артық жасалды, бұл 79,3 млрд.теңгеге 1675 келісімшарт.

Нəтижесінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,4%-ға (100,7 мың.бірліктен аса), ШОБ-та тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемінің 25,6%-ға (жыл сайынғы шығарылым 900 млрд.теңгеге жуық) және бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,7%-ға (228,1 мың адам) артты және бизнес субъектілерінің еңбек өнімділігінің өсуі байқалды.

Экономикалық өсудің драйвері ішкі сауда секторы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша бөлшек тауар айналым көлемі 2016 жылға 7,1%-ға өсіммен 798,3 млрд.теңге құрады. Саудадағы еңбек өнімділік 16,4 есе өсті. Біз республика бойынша бөлшек сауда көлемі және өсу қарқыны бойынша жетекші орындарды алып келеміз.

Жыл сайын бизнестің жаңа нысандар құрылыс қарқыны артып келеді. Есептік жылы жеке инвестициялар есбінен 11,2 млрд. теңгеге сауда және қызмет көрсету салаларында 138 жоба жүзеге асырылды. Бұл 1500 тұрақты жұмыс орнын құруға және салық салынатын базаны 59 млн.теңгеге толтыруға мүмкіндік берді.

Үлкен өсу резервін онлайн- сауданы дамытудан көреміз. Өткен жылдан бастап Қазпочтаның, Қарағанды әуежайының және Сиань қытайлық компаниялардың бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бизнес-процесстерді басқаруды автоматтандыруды толық қамтамасыз ететін, сондай-ақ, интернет-алаңдар арқылы тауар сатуды жүзеге асыратын «Альфарух» көтерме сауда орталығының құрылысы басталды.

2017 жылы POS-терминал пайдаланатын сауда объектілерінің саны 6,7%-ға өскендігі байқалады.

Өткен жылы облыс кәсіпорындары әлемнің 104 елімен сыртқы экономикалық байланыстарды қолдады, оның ішінде өнімдер әлемнің 52 еліне экспортталған және 97 елден импортталған. Облыстың сыртқы экономикалық қызметінің негізгі серіктес елдері: Ресей, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Иран, Германия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Украина, Түркия болды.

«EXPO» халықаралық көрмесінің арқасында туризм саласы жаңа серпін алды. Биылғы жылы аймақ бойынша туристер саны 22,9%-ға артты, солай бола тұра курорттық аймақтарда туристер ағымы 53%-ға өсті. Туристік нысандармен көрсетілген қызмет көлемі 12,7%-ға өсті.

2017 жылы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2,4 млрд. теңгеге 9 қонақ үй бизнес-нысандары салынды.

Ағымдағы жылы біздің алдымызда келушілер санын 250 мың адамға дейін көбейту, 143 жұмыс орнын құра отырып шамамен 1 млрд. теңге инвестицияға (849 млн. теңге) орналастыру нысандарының құрылысы бойынша 10 жоба жүзеге асыру міндеті тұр. Ұлытау ауданында «Ұлытау» визит-орталығының (республикалық бюджет қаражаты есебінен) және «Этноауыл Хан шатыр» киіз үй кешенінің (жеке инвестициялар есебінен) құрылысы жоспарланып отыр.

Өткен жылы бірқатар шет елдердің ресми өкілдері тарапынан қызығушылық жоғары болды. Біздің облысқа Жапония, АҚШ, Румыния, Украина, Қытай елдерінің өкілдері келді. Осы кездесулер аясында экономиканың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әкімшілік рәсімдер мен рұқсаттарды жеңілдету бойынша тұрақты жұмыс жүргізу мақсатында Кәсіпкерлік басқармасы туризм және кәсіпкерлік саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеп, бекітті. Өткен жылы барлығы 226 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Биылғы жылы біздің міндетіміз – кәсіпкерлердің жинақталған әлеуетін барынша пайдалану. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына өзгертулер енгізілетін болады, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына гранттық қаржыландырудың жаңа құралы енгізілетін болады. Осы жылдан бастап «Даму-аймақтар» аймақтық бағдарламасын іске асыру басталады. Әрине, біздің әлі де шешуіміз қажет көптеген мәселелер бар. Біз, өз қызметімізде ең алдымен, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерін негізге алатын боламыз.

Т. АБЛАЕВА,

Қарағанды облысының

кәсіпкерлік басқармасының ММ

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button