Бас тақырып

Бизнесті дамыту үшін 935 грант бөлінді

Биыл өңірде бизнесті дамыту үшін 935 грант пен шағын несие берілетін болады. Бүгінде шағын және орта бизнестің 1266 жобасына қаржылай қолдау бөлінді. Сонымен қатар, төрт мыңнан астам бизнесін енді бастаған кәсіпкерлерді арнайы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев AMANAT партиясының депутаттық фракциясының отырысында айтып берді.

Аймақ басшысы жиында жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталды.

– Түрлі қолдау шараларының арқасында жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес кәсіпорындарының саны 100 мыңнан асты. Жұмыспен қамтылғандар саны – 242 мыңға жетті. Сонымен қатар, 43 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту шараларымен 15 мыңға жуық жас қамтылды. Нәтижесінде аймақта жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ға төмендеді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button