Жаңалықтар

Бизнес бастау – бүгіннен

      Аймақ колледждері базасында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, 23 бизнес-мектеп ашылды. Онда жастар өзекті білім алып, машықтанып, өзара ақпарат алмасып, идеяларын ұсынып, білікті сарапшылардан кеңес алады.

Қарағанды облысының білім басқармасы мәлімдегендей, бизнес-мектептер 16 мемлекеттік және 7 жекеменшік колледждерде жұмыс істейді. Оларда жалпы есептегенде 600 студент тәлім алады.

Ең үздік студенттік бизнес-жобаларды қорғау облыстық кәсіпкерлер палатасы базасында өтіп жатыр. Биылғы жылы 12 үздік жобалардың авторлары «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша әрі қарай оқуларын жалғастыру мүмкіндігін алды.

Бүгінгі таңда бизнес-мектептердің 50-ден астам тыңдармандары өз істерін бастаған. Жалпы 2017 жылы болашақ кәсіпкерлер үшін 67 шара ұйымдастырылған. Ол старт-ап жобалардың байқаулары, дөңгелек үстелдер, бизнес-идеялар мен әлеуметтік-педагогикалық инновациялық жобалар, бизнес-ойындар, кәсіпорындарға экскурссиялар, табысты жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен өткен оқыту семинарлары және бизнес-тренингтер. Сонымен қатар, студенттер жастар кәсіпкерліктерінің семинар-практикумдары мен форумдарға қатысты.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастауымен ұйымдастырылған «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы шеңберінде бес колледж және екі жоғары оқу орындарында 65 студент оқудан өтті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button