Жаңалықтар

Біздің генерал – «Жыл ТҰЛҒАСЫ»

    ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» Өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал – майор Еркін БОТАҚАНОВ «Отанға қызмет» аталымындағы жеңісі үшін «Алтын адам» (Жыл тұлғасы) сыйлығының лауреаты атанды. Алтын сарбаз мүсіншесі дүйсенбі күні Алматы қаласында өткен жиында салтанатты түрде табысталды.

Айта кеткен жөн, «Алтын адам»  – ұлттық әрі тәуелсіз жоба. Басты ұстанымы – Отанға деген мақтаныш пен патриотизмді насихаттау.

Ал, биылғы «Жыл тұлғасы – 2017» атағын жеңіп алған Еркін Советбекұлы 1966 жылы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Үш жоғары әскери білімі бар. И.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери қолбасшылық училищесін, ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын,  РФ Бас штабы Академиясын әскери мамандықтар бойынша тәмамдаған. Қолбасшының орынбасары, Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары,  ҚР ІІМ ІӘ Комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Cондай-ақ,  РФ Қарулы Күштерінің Бас штабы Академиясының тыңдаушысы болды.

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені­мен марапатталған. 2009 жылы генерал-майор шенін алды.

Еркін Советбекұлы – бүгінгі таңда Ұлттық гвардияның «Орталық» Өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы. Ұжымында бедел мен құрметке лайықты әріптес. Сондай-ақ, үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке.  Қарағанды гарнизонының құрылымдары арасында өтетін жолдастық футбол матчына қатысады. Бос уақытында гитарада ойнап, белсенді демалғанды жөн көреді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button