Жаңалықтар

Біздің Гена – «Бокс аңызы»

               Орта салмақтағы «WBA» (Super), «IBO», «WBC» және «IBF» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН «Жыл боксшысы» номинациясында «Бокс аңызы» деген атақты иеленді.

Сочиде өткен Халықаралық бокс форумында отандасымызға сыйлықты «WBC» президенті Маурисио Сулейман табыстады. «Жыл жекпе-жегі» аталымына Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқас лайық деп танылды. «Жылдың айла-тәсілі ең мықты боксшысы» аталымы венесуэлалық Хорхе Линареске бұйырды. «Жыл адамы» аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Айта кетейік, мамырдың 5-і күні Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы қарымта айқасты «Синко де Майо» мерекесінде өтетін болды.

Канело бұл жолы төрешілердің шешімі қажет болмайтынын айтып, «оны құлатамын» деген мәлімдеме жасады. Егер «Triple G» жеңер болса, онда күллі әлем оның мықтылығын мойындап, ұзақ уақытқа «PPV» көшбасшысы болары анық. Ал, жеңіліп қалса, Геннадий Головкиннің есімі көп ұзамай-ақ Америкада ұмыт бола бастайды. Сондықтан, бұл айқастың маңызы өткен жылғыдан да зор. Өзіміздің былғары қолғап шебері Генаға тілеулес болайық!

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button