Бізде де бекіре бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының халқымен кездесу барысында елімізде балық шаруашылығын дамытуға ден қою керектігін, жəне құзырлы мекемелерге балық қорын сақтау үшін браконьерлермен күресті күшейту қажеттігін тапсырған болатын. Əлемдік нарықта сұранысқа ие бекіре тұқымдас балық санын көбейтуге ден қою қажеттігіне де баса назар аударған еді. Иə, балық шаруашылығы – агроөнеркəсіп кешенінің маңызды бір саласы. Қарағанды аймағындағы балық шаруашылығының тыныс-тіршілігі де көңіл қуантарлық. Балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың да саны артқан.
Елімізде балық шаруашылығы қызметкерлерінің мəртебесін көтеру мақсатында арнайы кəсіби мереке бекітілген. Алты жылдан бері тойланып келе жатқан кəсіби мерекенің тарихы 1965 жылы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы балықшылар күнін құрған кезден басталады. Күн кездейсоқ таңдалмады, осы уақытқа дейін олардың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салу əрекеті аяқталады.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының балық шаруашылығы қоры 204 су айдынынан, оның ішінде Балқаш көлі, Қ.Сəтбаев атындағы каналдың су қоймалары жəне Нұра өзені сияқты республикалық маңызы бар су айдындарынан тұрады. Сондай-ақ, облыста жергілікті маңызы бар 201 балық шаруашылығы су айдыны орналасқан, оның ішінде 101 су айдыны балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген жəне 100 су айдыны резервтік қорда орналасқан.
– Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық шаруашылығы саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта 2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама шеңберінде балық шаруашылығы саласының өзекті мəселелерін шешуге, атап айтқанда экономикалық ынталандыру шараларын енгізуге, əкімшілік кедергілерді жоюға жəне заңнаманы жетілдіруге бағытталған шаралар кешені айқындалды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында өндірістік жəне инвестициялық шығындарды субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау түрлерінің сеголеттері жəне 200 мың данадан бекіре тұқымдас балық түрлерінің сеголеттері, жылына 45 тонна тауарлық балықты өсіруге арналған сумен қамтамасыз етудің тұйық циклы бар балық шаруашылығы, жылына 50 тонна тауарлық балық өсіруге арналған торлы балық шаруашылығы, өндірістік қуаты тəулігіне 1 тоннадан басталатын қайта өңдеу объектісі, сондай-ақ ауданы 50 гектардан кем емес көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алу кезінде субсидия қарастырылған, – дейді Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау нəтижесі өңірдегі балық шаруашылығының дамуына оң ықпал етті. 2020 жылмен салыстырғанда, облыста балық өсіретін шаруашылықтардың саны 6 есеге артып, 54 бірлікті құрады. Өсірілген балық көлемі де соңғы 5 жылда жылына 87- ден 530 тоннаға дейін өсті. «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС көбею кешенінің жобалық қуаты дернəсілдер 200 млн. дана; сеголеткалар жылына 8,0 млн. Аталмыш серіктестік өз тоғандарында тұқы балықтарын өсірумен айналысады, жобалық қуаттылығы шаралары кеңейтілді. Инвестициялық субсидиялау қағидалары бекітілді, оған сəйкес балық шаруашылығы (аквамəдениет) субъектілерін құру жəне кеңейту кезінде шығындардың 25%- ын өтеу бойынша субсидиялар көзделген. Атап айтқанда, балық үшін жем өндіретін зауыт, қуаттылығы жылына 25 тонна тауарлық балықтан басталатын шаруашылық, сондай-ақ, қуаттылығы 1 миллион данадан басталатын балық питомниктері тұқы балық
Сағыныш ƏБІЛ,
Ortalyq.kz