Жаңалықтар

«Бірыңғай есеп күні» өтеді

30 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында Қарағанды облысы әкімі жанындағы Кәсіпкерлік комиссияның қызметі аясындағы бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы «Бірыңғай есеп күні» пилоттық жобасының екінші отырысы өтеді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша басталмақ. Бұл идеяның бастамашысы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Пилоттық жоба шеңберінде мынадай мемлекеттік органдардың есептері тыңдалады :

1 «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ

2 «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

3 «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ

4 «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ

5 «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

6 «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ

7 «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ

8 «Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ

9 «Қарағанды облысының тексеру комиссиясы» ММ

10 Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі

11 «Қарағанды облысының Әділет департаменті» РММ

12 «Қарағанды облысының ТЖД» РММ

13 «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ

14 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

15 «Қарағанды облысының статистика департаменті» РММ

16 «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ

17 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті

18 ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

19 ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы

20 ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті

21 «ҚР АШМ СРК Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ

22 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

23 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті

24 Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті

25 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті

Туындаған сұрақтар, ұсыныстар немесе ескертулерді пікір ретінде жазып қалдыруға немесе i.moldabaev@karaganda-region.gov.kz; a.seifolla@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына жіберге болады.

Басқа материалдар

Back to top button