Шахтинск

Біріншілік мәреге жетті

   Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, қаламызда дене шынықтыру және спорт бөлімінің мұрындық болуымен өскелең ұрпақтың және ересектердің арасында спорттың бірнеше түрлерінен жарыстар өт­кізіліп, қала тұрғындарын салауатты өмір салтына баулитын мәдени-спорттық шара­лар жүйелі жүргізілуде.

Жуырда Балалар және жасөспірімдер орталығында тоғызқұмалақтан қалалық біріншілік ұйымдастырылды. Жалпы орта білім беретін мектептерден отызға тарта ойыншылар қатысқан сайысқа Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінен де спортшылар келді.

Біріншіліктің ашылу рәсімінде жас ойыншыларға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анарбек Жүнісов сәттілік тілеп, тоғызқұмалақ ойынының маңызын атап өтті.

Ұлдар арасында №5 гимназияның оқушысы Олжас Қартай, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары – Әсет Шілдебаев пен Ержан Мырзашов үздіктер қатарынан көрінді. Қыз­дар арасында №5 гимназияның оқу­шылары – Сабина Ибрагимова мен Ди­нара Пердеқұлова және Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Кәмшат Төле­генова жеңіске жетіп, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button