Жаңалықтар

Бір шаңырақ астында

   Татулық пен тұтастық – тәуелсіздік тұғыры екені әмбеге аян. Біртұтас елге айналған біздің байлығымыз да, ай-күніміз де осы тату-тәтті бейбіт өмір. Қазақстан халқының бірлігін айғақтайтын Ассамблея.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қарағандыдағы «Достық» үйінде еліміздің біртұтастығын паш ететін фестиваль өтті. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен көрме-фестиваль сипатында ұйымдастырылған шараға Қарағанды облысының 23 этномәдени бірлестігі қатысты. Көрме өте қызықта да мазмұнды өтті. Қатысушылар қазылар алқасы мен көрер­мендерге өздерінің ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, ұлттық тағамдарын, музыкалық аспаптарын, әртүрлі бұйымдарын мен әр елдің ерекшелігін танытатын нақыштарын таныстырды.

Шараның салтанатты бөлімін құттықтау сөзбен ашқан Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Увайс Джанаев қай ұлттың болмасын қасиетті шаңырақтағы өзіндік орны бар екенін жеткізді.

Бірлігі жарасқан отандастарымыз ұлттық дәстүрлерін ұлықтау мақсатында үш аталым бойынша өнер көрсетіп, сынға түсті. Олар: «Үздік кабинет» сайысы, «Рухани келісім – тұрақтылық тірегі» көрме сайысы және гала-концерт.

Өнер – ұлтқа бөлінбейді. Бұл жолы Қазақстанға сіңісті түрлі ұлт өкілдері әсем әндер салып, көрермендерге көркем билерін тарту етті. Жарасқан ұйымшылдықпен шараны жоғары деңгейде думандатты.

Әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін және мәдениетін салтанатты түрде көрсете білген үздік этномәдени бірлестіктерді қазылар алқасы бірден танып, әділ бағалады. Бас жүлде «Қарағанды облысының кәрістер этномәдени» қоғамдық бірлестігіне, І орын – «LITUANICA» қоғамдық бірлестігіне, ІІ орын – «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени» қоғамдық бірлестігіне, екі бірдей ІІІ орын – «Қарағанды облысының «Эребуни» Армян мәдени орталығы» мен облыстық «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігіне бұйырды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйақы табыс етілді.

Достық фестиваліне арнайы шақыртылған ҚР мәдениет саласының үздігі, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі З.Омарова көрермен қауымға әсем әннен шашу шашты.

Сонымен қатар, фестиваль аясында жыл қорытындысы бойынша үздік танылған этномәдени бірлестік төрағаларына, аналар кеңесі мүшелеріне, «Мың бала» республикалық байқауының жеңімпаздарына, Қоғамдық келісім кеңесінің ғылыми-сараптама тобының мүшелеріне және үздік медиаторларға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекеме директорының Алғыс хаттары табысталды.

 

Қайрат БИСМАКОВ,

Қарағанды облысы әкімі

аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button