Бас тақырыпБілім

Білімпаз жастардың бірегей жеңісі

Қарағандылық оқу­­­­­шылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында төрт жүлделі орынға ие болды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Зияткерлік жарысқа әлемнің 15 елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар жеңіс жолында оқушылармен бірге оқытушылар кіретін командалар құрамында бақ сынасты. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, «№1 Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әліби Ақберді мен 10 сынып оқушысы Жанарыс Теңдіков сәйкесінше физикадан ІІ және ІІІ орындарды иеленді.

Ал, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Әлішер Қазтаев информатикадан екінші орын алса, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бейбарыс Жеңісбек математикадан қола жүлдеге ие болды.

– Жәутіков олимпиадасындағы тапсырмалардың күрделілігі соншалық, арнайы дайындығы жоқ қарапайым оқушы тіпті, шарттарын түсінбеуі мүмкін. Жеке өзім дайындыққа екі жыл жұмсадым. Оның ішінде бір жыл өте көп дайындалдық, – деді Бейбарыс.

Жоғары сынып оқушысының айтуынша, олипиададан жүлделі орын алған оқушыға Қазақстанда да, шетелде де жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылық беріледі.

– Мен ақпараттық технология мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отырмын. Әзірге кім болып жұмыс істейтінімді нақты айта алмаймын. Бірақ, менің болашақ қызметім математика, информатикамен тығыз байланысты болуы әбден мүмкін, –деп бөлісті Бейбарыс Жеңісбек.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button