Жаңалықтар

«Білімі күшті ел озар»

   Елбасы «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық» – деп отандық білім берудің маңыздылығын терең талдап айтқан болатын.

Расында, бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ, оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Әлемдік деңгейге жету үшін, дәстүрлі педагогикадан жаңалыққа қарай қадам басу барша педагогикалық қауымдастыққа тән. Ағылшын профессоры Джон Вэзборн «Көшбасшылық-бұл өзгеріс» деп ой түйеді. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда, Ұлы данышпан Әл-Фараби адамзат үшін «12» қасиет-қағиданы қадап айтады. Әл-Фарабидің он екінші қағидасында, мынадай жолдар бар: «Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет» дейді. Сонымен қатар, сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қашанда қажет. Басқаша айтқанда, ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Көшбасшылық туралы көптеген ойдың түйіні-егер білім беру үдерісіне өзгеріс енгізгіңіз келсе, алдымен өзіңіз көштің басында болатында сенімдіміз.

Назгүл ҚАЛМАҒАНБЕТОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button