Білім

Білімді жас – бүгінгі күн жемісі

Мадияр Қасымалы – Қазақстанның мақтанышы, химия саласында айрықша жетістіктерге жеткен жас ғалым. Ол Қарағанды қаласындағы №1 «Білім-Инновация» лицейінің түлегі және халықаралық химия олимпиадаларында бірнеше мәрте жеңіске жеткен дарынды оқушы.

Суреттер автордан

Мадиярдың химияға деген қызығушылығы 7-сыныптан басталған. Ол өз білімін шыңдап, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оның ең үлкен жетістіктерінің бірі – 2022 жылы Халықаралық химия олимпиадасы (IСhO-2022) болды. 2019, 2020, 2021, 2022 жылы Республикалық және Халықаралық олимпиадасының жүлдегері. Сүйікті саласы – органикалық химия. Ол бұл бағытта химиялық қосылыстардың құрылымы мен реакция механизмін зерттеуді ұнатады. Оның айтуынша, химия – әлемнің құрылымын түсінуге мүмкіндік беретін ғылымдардың бірі, сондықтан бұл салаға ерекше мән беру керек.

Мадияр тек өз білімін жетілдірумен ғана шектелмей, сонымен қатар жас буынды қолдап, оларға білімін үйретуге атсалысады. Ол «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының еріктісі ретінде химия пәнінен басқа оқушыларға көмек көрсетеді және өз тәжірибесімен бөліседі. Мадиярдың басты мақсаты – Қазақстанда ғылым саласының дамуына үлес қосу. Болашақта олимпиадалық жаттықтырушы мен тапсырмалар құрастыра отырып, осы істі әрі қарай дамыту.

Мадияр Қасымалының жетістіктері оның еңбекқорлығы мен ғылымға деген сүйіспеншілігінің дәлелі. Оның табыстары Қазақстанның білім беру саласындағы беделін арттырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Ақмарал МАҚСЫМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button