Ресми
Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды. Талқылаудан кейін Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын Білім және ғылым министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.