Жаңалықтар

Білім саласындағы жаңғыру

    Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Бұл тұрғыда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облыстық филиалы мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны айтарлықтай  маңызды. 

Аталмыш курстарға биылғы оқу жылында дене шынықтыру пәнінен  5 және 7-сыныптарда жаңартылған оқу бағдарламасы енгізілуіне байланысты  облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 344 дене шынықтыру мұғалімдері қамтылды.

Сапалы біліммен қаруланған біздің әріптес ұстаздар жаңа оқу жылында 5 және 7 сыныптарда жаңартылған оқу бағдарламасының енгізуіне байланысты жұмыстарын бастап кеткен болатын. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты сұрақтарға  толыққанды жауапты методикалық десант жұмысы арқылы кері байланыспен кеңес беріп,  түзетулермен толықтырудамыз.

16-20 қазан аралығында Қарқаралы, Нұра және Шет аудандарында институт тарапынан әдістемелік десант ұйымдастырылып, пәндер бойынша қолдау көрсетілді. Дене шынықтыру пәні бойынша 60 мұғалім қатысып, жаңартылған мазмұн бойынша үш ашық сабақ өткізілді.

Сертификатталған мамандар бүгінгі күнде облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында өнімді еңбек жасап жүр. Солардың қатарында, Қарағанды қаласының №22 мектебінде методикалық кеңес беру кезінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрлан Амантайдың сабағына  қатысып, жаңа оқу тәсілдерінің оңтайлы және  нәтижелі пайдалануын байқадық. Бүгінде мектептерде жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан пән мұғалімдері аудандық әдістемелік кеңес ауқымында педагогикалық озық жетістіктерімен бөлісуде, кәсіби шеберліктері мен тұлғалық дағдыларын шыңдау үстінде.

О.АЙҒОЖИН,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button