Жаңалықтар

Білім биігіне – жаңашыл бағыт

   Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген еді. Осыған байланысты бүгінгі  қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру – ойлау, оқыту, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын тиімді қолдану міндеті тұр.

Бүгінде еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу – маңызды қадамдардың бірі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өзектілігі жоғары үш базалық деңгей, «Тиімді оқыту», «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасы бойынша  аймақтағы педагогтердің  кәсіби біліктілігін арттыру курстарын айтарлықтай сапалы ұйымдастырып  келеді.

Облыс аймақтарында бағдарламаның тұжырымдамалық идеясын мектеп тәжірибесіне енгізу бойынша іс-шараларды курстан кейінгі қолдау үшін «Өрлеу» – сертификатталған мұғалімдермен бірге» тақырыбында әдістемелік десанттар  өткізу дәстүрге айналды. Мақсаты – сертификат алған мұғалімдердің тәжірибелік қызметінде инновациялық әлеуетін толық жүзеге асыруға жағдай жасау. Атап айтсақ, 2015-2017 жылдары деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері Жезқазған, Сәтбаев  және Шахтинск қалалары мен Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа, Ұлытау, Шет, Абай,  Бұқар жырау аудандарының сертификатталған мұғалімдерімен облыс бойынша 65 мектептің 343 сабақтарына қатысып, 789 семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіп, оқу мен оқыту тәжірибесін дамытуда жұмыс жасауда.

Ауылдық аймақтардағы сертификатталған мұғалімдерді қолдау деңгейлік бағдарламалар орталығының іс-әрекетіндегі басым бағыты болып саналады.  Әдістемелік десант аясында тренерлер мен әріптестер бірлесе отырып, мұғалімнің нақты оқыту мен оқу үдерісінде өз тәжірибесіндегі өзгерістері мен кәсіби қырынан өзін таныта білуін және «өсу нүктесін» бақылауға мүмкіндік туады. Талқылау көрсеткендей, бұл өткізілген сабақтар оқу тапсырмаларын орындауда, оқу материалдарымен өзіндік жұмыс жасауда, мұғалімнің сұрақтарына ерекше жауаптарымен, қалыптастырушы бағалаудың әр алуан түрлерін қолдануда оқушылардың белсенді қатысуларымен ерекшеленді. «Мұғалім-тренер» форматында кеңестер беріледі.

Сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін дамытуда өзекті мәселелерді талқылауға білім бөлімінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және мектеп директорлары қатысады. Кездесу барысында қатысушылар педагогтердің үздіксіз тиімді кәсіби дамуы үшін одан әрі ынтымақтаса жұмыс жасау қажеттігіне сенімді екендіктерін білдірді.

Сәуле ТІЛЕУБАЙ,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button