Қарағанды

Білім берудегі жаңа белес

Топар кентінің Абай атындағы орта мектебінде сертификат иеленген мұғалімдер үшін «Өрлеу» – сертификатталған мұғалімдермен бірге» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Аталған мектептегі қырық мұғалімнің оны деңгейлік курстардан өткен екен. Семинар барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында деңгейлік курстарды тәмамдаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Адасбекова, бастауыш сынып мұғалімдері – А.Назирова мен Г.Құрманханның қатысуымен бірқатар шаралар атқарылды.

Өткізілген сабақтар мұғалімдердің тәжірибесінде өзгерістердің өсу динамикасы және мықты тұстары болатындығын көрсетті. Яғни, ынтымақтастық орта құрылуы, сабақтың тақырыптары мен мақсаттарын білім алушылармен бірге талқылау, барлық қатысушылардың оқу үдерісіне тартылуы, оқуға уәждендіруді қамтамасыз ету, жеке, жұптық, топтық жұмысты қолдану, белсенді оқыту әдістері мен қалыптастырушы бағалау стратегияларын пайдалануға назар аударылды.

Сабақтарды бақылау қорытындысы бойынша тренерлермен семинар өткізіліп, тәжірибенің әлсіз жақтары анықталды және қалыптастырушы пікір беріле отырып, мұғалімдердің алдағы кәсіби дамуына көмектесетін ұсыныстар жасалды.

Семинар жұмысын қорытындылай келе, мұғалімдер дөңгелек үстелге қатысып, талдау барысында қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ-ның ДБО тренерлерімен бірлескен жүйелі іс-әрекеттің маңыздылығын атап көрсетті.

Г.БАЯНДИНА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ тренері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button