Спорт

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирінде блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бибісараның қарсыласы ресейлік Сергей Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол өзінің салқынқандылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жеткен.

Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Ал, ресейлік гроссмейстер чемпионаттағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын да мәлімдеді. Қазір Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Басқа материалдар

Back to top button