Жаңалықтар

Берекенің бастауы

Көктемнің керемет мерекесін қуана қарсы алған қала жұртшылығы әр мекемеде түрлі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, көрікті көшеге киіз үй тігіп, алтыбақан құрып, сауда-саттықты қыздырды.

Той қызығы орталық алаңға ойысқанда жиналған жамиғатты қала әкімі Қ.Камзин, қалалық мешіт имамы Д.Қожахметов, 03080-әскери бөлімше командирі Е.Коноваленко мен гарнизон басшысы, 06708-әскери бөлімше командирі Ж.Жақыпов құттықтады.

Мерекелік іс-шара барысында қаладағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған байқау қорытындысы жарияланды. Қала әкімінің грантына Жәнібек Сұлтанәлиев (1 200 000 теңге), Гүлмереке Жілкенова (900 000 теңге) мен Бақтияр Сатыбалдин (800 000 теңге) ие болды.

Салтанатты сәт қала қоржынына жүлде салып жүрген бірнеше спортшыны марапаттауға ұласты.

“Ең үздік киіз үй”, “Ең дәмді наурыз-көже”, “Қазақтың нео-фольклор киімі” байқауы ұйымдастырылды. Арнайы жасақталған ойын-сауық алаңында қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің театрландырылған қойылымы көрсетілді. “Қой көтеру”, “Жілік шағу” сияқты ұлттық сипаттағы спорт жарысына жұртшылық белсене қатысты.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button