Қарағанды

Берекелі күз

   Жақында №65 жалпы білім беретін орта мектепте даярлық сыныбының «Күз-жомарт» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында қылқалам өнерімен көзге түскен оқушылар марапатталды. Күз ханшайымының жасырын жұмбағын шешіп, әр жапырағына жасырған тапсырмаларды орындады.

Шара – балаларды күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс – әрекет арқылы іздену шығармашылығын дамытуды көздейді.Ұйымдастырылған шара барысында оқушылар табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау арқылы табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға үйренеді. Сондай-ақ, әрбір дастарқанның дәнді-дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болуы үшін көп еңбек ету керектігін ұғынады.

Айтулы шара соңында балалар күз ханшайымына күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар айтты. Жиналған ата-ана, ұстаздар балалардың өнерін тамашалады.

Гүлшат ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ,

65 мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button