Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарланды.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының Б.М.Сапарбаевты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығында.