Жаңалықтар

Белсенді жастарды құттықтады

    Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының ХІІІ еңбек маусымы жабылды. Жабылу салтанатына облыстың аудандары мен қалаларынан делегаттар қатысты.

Шара барысында белсенді жұмыс атқарған сарбаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы  М. Құттыбай қатысушыларды маусымның аяқталуымен құттықтады.

Айта кеткен жөн, алғаш «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары және құрылыс жасақтары Елбасының бастамасымен 2005 жылы құрылды. Жалпы, СҚЖ және «Жасыл Ел» жасақтары оқушы жастарды уақытша жұмыспен қамтып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды көздейді. Биылғы еңбек маусымында Қарағандыда «Жасыл Ел» жасақтары мен СҚЖ қатарында 1500 адам еңбек етті. Олар облыс аудандары мен қалалардағы саябақтар, демалыс орындарын көгалдандыру  жұмыстарымен, су қоймаларды тазартумен айналысты. Жұмыс жасалған аймақ ауданы 663 га  құрады. Экологиялық жасақтар құрылып, олардың күшімен 3 мың ағаш егіліп, 20 табиғатты қорғау шаралары ұйымдастырылды.

Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button