БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай еңбек сіңіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан азаматтарды арнайы марапаттады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Зәуреш Мұқатайқызы, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Нығымет» шаруа қожалығының жетекшісі Ләйлім Ахатова, «Төлеутай» шаруа қожалығының жетекшісі Саттарбек Дуанбеков, І дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев, ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен ауданның орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі басқарма басшысы Қазбек Қалиханов, «Нұртай» шаруа қожалығының жетекшісі Метай Елеусізов, «Кежек» шаруа қожалығының жетекшісі Аманкелді Сәдуов, «К-Мәдияр» шаруа қожалығының жетекшісі Өмірғалы Қазанғапов марапатталды.
Ақтоғай ауданында 164 Нұрсұлтан есімді жасөспірім бар екен. Аудандық мәслихат хатшысы Рашид Әбеуов Нұрсұлтандарға «Аманат хат» тапсырды.
Бірқатар мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Мереке соңында «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі мерекелік концерт қойды.
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ
Ақтоғай ауданы.