Жаңалықтар

Белгілі филантроп студенттерге қол ұшын созды

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын ту еткен ел жанды азаматтар қолдан келгенше айналасына шапағатын тигізіп жатыр. Елімізге танымал филантроп, профессор Оралбек Ботбай Алматы қаласындағы Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясының үш студентінің тегін оқуы мен шәкіртақы алуына, сондай-ақ, жатақханамен қамтамасыз етілуіне қол ұшын берді. Елім дейтін ер болса, ерім дейтін ел болады. Ұлт жанды азамат бұған дейін де көптеген жастардың жарқын болашағы үшін аянып қалған емес. Бұл кезекті қайырымдылық әрекетінің бірі десек те болады. 

М.Тынышбаев атындағы ҚАЗ ККА қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Аркен Советжанұлы белгілі кәсіпкердің қайырымды ісін ерлікке балап отыр. 

 «Оралбек Ботбай ағамыз біздің академиямыздың қабырғасында білім үш баланың оқуына жәрдемдесіп отыр. Олардың отбасылық әлеуметтік жағдайлары төмен болғандықтан, академияда 4 жыл бойы оқу ақысын төлеп, жатақханасын, шәкіртақысын толық мойнына алып отыр. Ол үлкен ерлік деп есептейміз», — дейді. 

«Құрмет» орденінің иегері, меценат таңдаған үш студент те осы академияның қабырғасында білім алуды армандаған. Отбасылық жағдайларының күрделі екендігін түсініп, жастарға ерекше қамқорлық көрсетіп отыр.  Көмек алған студенттердің бірі Мадина Тұрсынбектің меценатқа алғыстан басқа айтары жоқ.

«Гранттан айырылып қалған едім, Оралбек аға осындай керемет мүмкіндікті ұсынды. Оралбек ағаға айтар үлкен алғысым шексіз. Отанымызда осындай бетке ұстар азаматтардың көп болуы бізді әрине қуантпай қоймайды», — дейді студент.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button