Бекем бірлікпен – еңселі Ертеңге
Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «Ақтоғай Су» және «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС-нің 2016 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы мекеме басшылары «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС директоры Н.Мангишев, «Ақтоғай Су» ЖШС директоры Н.Едебеков мәлімдеме жасады.
«Тоқырауын Су Жылу» ЖШС «Коммуналдық саладағы сұрақтарды шешу жоспарына» сәйкес, 2016 жылдың 10 айында өзіндік қаржыландыру арқылы жылу қазандықтарын, сорғы қондырғыларын және жылу, су, суды бұру жүйелерін жөндеу жұмыстарына жалпы құны 6 614 мың теңгені құрайтын жұмыстарды атқарған.
Сонымен қатар, «Ақтоғай Су» ЖШС басшысы баяндама жасады. «Кәсіпкерлікті қолдау және дамудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалысы туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы С.Әубәкіров атқарылып жатқан игі істерді жеткізді.
Басқосуды қорытқан қоғамдық кеңес төрағасы А.Түсіпбеков «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Арқа» ИБК АҚ», Қарағанды облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы қаржылық институттармен тығыз және тиімді жұмыс жүргізуді қолға алуды сонымен қоса ұсыныстар мен өтініштерді қанағаттандыруды тапсырды.
Г.ЕЛЕУСІЗОВА.
АҚТОҒАЙ ауданы.