Көрме

Бейнелеу өнері музейі виртуалды экскурсияға шақырады

Бүгін облыстық  бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс тұлғалары» атты виртуалды көрме ашылды. Көпшілік назарына ұсынылған экспозиция 36 жұмыстан тұрады. Олардың арасында мұражай қорынан алынған портреттер, сюжеттік композициялар бар. Сондай-ақ, майданда болған суретшілердің еңбектері де қойылған.


– Біз 1 сәуірден бастап «Жеңіс тұлғалары» виртуалды экскурсиясын ашамыз. Көрме Жеңіс күніне дейін жалғасады. Виртуалды саяхат  қарағандылық жас суретші Евгений Кимнің «Жеңіс келбеті» жұмысынан басталады. Ол бес жыл бұрын Жеңістің 70 жылдығына арналған байқауда бірінші орынды иеленген. Автор бұл суретті музейге сыйлады, – дейді музейдің ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Виртуалды экскурсия екі тілде жүргізіледі. Оны музейдің  muz-kar-izo.kz/ru сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады. 

Басқа материалдар

Back to top button