Жаңалықтар

Бейбітшілік – басты байлығымыз

   Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару, өндірісті жаңғырту, өмірдің барлық саласында заманауи технологияларды енгізу, білім беру мен денсаулық сақтауды реформалау, қаржы секторын «қайта жүктеу» – осының барлығы еліміздің одан әрі дамуы және гүлдене түсуі үшін, Қазақстанның халықаралық аренада көшбасшылық орында болуы үшін Президенттің алға қойған маңызды және өте дұрыс міндеттер екендігі сөзсіз.

Елбасы заманауи денсаулық сақтау жүйесі аурудың алдын алуға бағытталуы қажет екендігін атап өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бұқаралық спортты дамыту қажет.

Біз балалар мен жас жеткіншектерді спортқа барынша тарта отырып, бұл міндетті жүзеге асырып жатырмыз. Өзінің тарихын, мәдениетін білетін, сонымен қоса заманауи, шет тілін меңгерген, алдыңғы қатарлы, ауқымды көзқарасы бар, ең бастысы салауатты, белсенді өмір салтын ұстанған қазақстандық – қоғамның идеалы болуы қажет.

Еліміз көз алдыңда «цифрлық Қазақстанға» айналып, өмір саласында жаңа технологиялар енгізіліп жатқанда кеш қалуға болмайды. Елбасы атап өткендей, саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенсус арқылы біз экономикаға, саясатқа және санаға жаңғырту жасауға кірісіп кеттік. Технологиялық және инфрақұрылымдық дамудың жаңа кезеңінің тамырына қан жүгірді. Мұндай оң және тиімді өзгерістер спорт саласына да әсер ететіндігіне сөз жоқ. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық табысқа жетуінің негізінде әрқашан біздің басты байлығымыз – бейбітшілік пен конфессияаралық келісім жатқандығын ерекше айтып өтті.

Дмитрий КАРПОВ,

Қарағанды қаласы жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі

мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер

мектебінің директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button