Жаңалықтар

Бейбіт Қорған жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ән салды

Қарағандылық полицейлер балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілер үшін сыйлық жасады. Кеншілер мәдениет сарайында танымал әнші Бейбіт Қорғанның қатысуымен өткен қайырымдылық концертке  700-ден астам бала қатысты. 


Балалар атақты орындаушының шығармашылығына тәнті болып қана қоймай, сонымен қатар әншімен суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. 
Концертте сонымен қатар полиция қызметкерлері және балалар үйінің дарынды тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Әуенді кешттің соңғы әнін қатысушылар Қазақстан эстрада жұлдызымен бірге орындады. 

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button