Жаңалықтар

Бейбіт күннің батыры

Отан қорғаушылар күні қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары жасағының арнайы бөлімінің командирі Виталий КАЛМЫКОВ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Марапатты ол Ақордада Елбасы қолынан алды.

Өткен жылы 9 қараша күні Виталий Калмыков жанып жатқан үйден екі баланы құтқарып алып шыққан. Өрт Қарағанды қаласы Белорусская көшесінде орын алған. Өрт сөндірушілер келген сәтте үш бөлмелі үйдің шатыры, жақтаулары, терезелері, есіктері мен ас үй бөлмесіндегі жиһазы жанып жатқан. Көріну жағдайы нашар болғанына және қою түтінге қарамастан, бөлім командирі Виталий Калмыков жатын бөлмеден екі баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Оларға бірден алғашқы көмек көрсеткен. Осылайша, балаларды ажалдан арашалап алған.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button