Басты тақырыпСпорт

Бауыржанның биігі

    Біз Бауыржан бауырымыздың әдемі жеңісін бұған дейін де жазғанбыз. «Орталық» сүйіншілеген жағымды хабар ұзағынан сүйіндірді. Бауыржан НЫҒМЕТОВ тағы да топ жарды. Байрақты бәсекеде.

Атына заты сай жас боксшы жуырда ғана ХVI халықаралық бокс турниріне қатысып қайтты. Жасөспірімдер арасындағы доданың жалауы Жамбыл облысының Мерке ауданында желбіреді.

Бірнеше күнге созылған турнир Қазақстан Республикасының спорт шебері Б.Намысбековтің және оның жаттықтырушысы Ж.Бәйтіковтің рухына арналды.

Не керек, біздің Бауыржан мықтылығын және бір дәлелдеді.

34 келі салмақта өнер көрсететін мақтанышымыз қазақ боксының бірнеше оғланы шыққан Жамбыл жерінің жас боксшыларын жерге қаратты.

Бауыржанның бапкері – Қуаныш Қауашов.

Қарағандының намысын қорғап жүрген Бауыржанға Серік Сәпиев, Геннадий Головкин ағаларының жолын бергей.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button