АймақҚарқаралыСпорт

Батыр ауылының балуан қызы

Нұркен ауылындағы №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы Аяулым ҚАЙРАТ – Алматы қаласында өткен дзюдодан ашық чемпионатта ІІ жүлделі орынға ие болды.

Спорттық жарысты «Лидер» бірік-тірілген спорт қауымдастығы ұйымдастырған. Аяулым осы бәсекеде 40 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Қайсар да өжет қыздың жеңісіне бүкіл ауыл болып қуандық. Батыр ауылының атын шығарған қаршадай қызды ауыл әкімдігі және мектеп ұжымы құрмет көрсетіп қарсы алды.

Аяулымның спортпен шұғылданып, жетістікке жетуіне жол көрсеткен ауыл азаматы – Нұркен Әбдіров ауылдық округінің жетекші маманы А.Баймахановқа алғысымыз шексіз.

Салауатты өмір салтын ұстану – бәріміздің парызымыз. Ал, Аяулымға алар асуың әлі алда демекпіз. Осындай батыр ауылында спортпен айналысатын жас жеткіншектердің өсіп келе жатқанын мақтанышпен айтамыз.

Әмина ЗУБАЙРИНА,

Нұркен аулының тұрғыны.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button