Батырға құрмет – ұрпаққа міндет

Шет ауданында Абылай хан әскерінің жүзбасы әрі ұрыс даласында ең сенімді ту ұстаушыларының бірі болған Сазанбай Жетесұлына ескерткіш орнатылды. Биіктігі 4 метр болатын ескерткіштің авторы – танымал мүсінші Жахан Мейірбеков.

– Ескерткішті жасауға 7 ай уақытымды жұмсадым. Мен өзімнің шикізатым мен жақтау жасау технологиямды қолдандым. Ол үшін алдымен гранит плиталарын ұсақтағыштан өткізіп, ұсақтағаннан кейін шайырмен араластырдым. Ескерткіштің ішінде металл жақтау бар. Жұмыс елордадағы шеберханамда жүргізілді. Содан кейін біз ескерткішті Үңірекке жеткізіп, төбеде өз қолымызбен жинадық, – деді мүсінші.

Батырдың ұрпақтары мен жергілікті тұрғындардың ұсынысына аудан әкімдігі қолдау білдірген. Соның нәтижесінде салмағы 1,5 тонна ескерткіш Үңірек ауылына кіреберістегі Керегежайған шоқысына қойылып отыр.

– Кітаптарда, жарияланымдарда және монографияларда батырдың бейнесі жоқ. Батырдың келбетін жаңғырту үшін мен оның өмірбаянын зерттеп, ұрпақтарымен әңгімелесіп, көптеген әдебиеттерді ақтаруыма тура келді. Батырдың сыртқы келбеті, оның тұлпарының бейнесі қайта жасалды, – дейді Жахан Мейірбеков.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.