Жаңалықтар

Батыл әрі нақты қадам

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі туралы Жарлыққа қол қойды.

Мұның саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отырғаны белгілі.

Ең маңызды мәселе – қазақ тілін латын графикасына көшіру арқылы Қазақстанның кең көлемді, терең деңгейлі ғаламдасу процесіне енуі.

Латын графикасы қазіргі таңда дүниежүзі бо­йынша кең қолданылатын жазу жүйесі ретінде танылып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін енуіне, сонымен қатар, Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың кең таралуы мен дамуына мүмкіндік береді.

Латын қарпіне көшу – ұлт үшін жасалған батыл, әрі нақты қадам.

Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үшін, ең алдымен, әлемдік деңгейдегі білім қажет екені даусыз. Ал, оған бастар жол – латын графикасына көшу деп есептеймін.

 

Г.АҚТАЕВА,

ҚІІБ көші-қон қызмет тобы инспекторы, полиция капитаны.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button