Жаңалықтар

Басым үлес – өңдеуде

Облыстық статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, биыл қаңтар-қарашада облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 2037,7 млрд. теңгеге өнім өндірген. Бұл 2016 жылғы тиісті кезеңнен 4,3%-ға артық. Мәліметтер облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне – 78,2%, кен өндіру және карьерлерді қазу – 12,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауға – 8,2%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 1,4% тиесілі екенін айтады.

Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) шығару көлемі 2017 жылғы қаңтар-қарашада 225 млрд. теңге шамасында екен. Ол 2016 жылғы тиісті кезеңнен 0,3%-ға көп. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін өндірудің 3,6%-ға, оның ішінде мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндірудің 3,9%-ға, сиыр сүтін өндірудің 5%-ға өсуіне байланысты дейді деректер.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button