Жаңалықтар

Басым үлес – өңдеуде

    Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша Қарағанды облысында 2018 жылғы 1 қаңтарға 28700 заңды тұлға тіркелген. Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар санының 19931 әрекет ететін болса, оның ішінде 10895 – белсенді. Бұл туралы облыстың статистика департаменті хабарлайды. 

Былтыр қаңтар-желтоқ­санда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 2259,2 млрд. теңгеге өнім өндіріпті. Бұл 2016 жылғы тиісті кезеңнен 4,1%-ға артық екен. Об­лыс­­тың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ол пайызға шаққанда  – 78,4%. Ал, кен өндіру және карьерлерді қазу – 12%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 8,2% шамасында. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 1,4%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім  шығару көлемі 2017 жылғы қаңтар-желтоқ­санда 246,5 млрд. теңге.  Бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,6%-ға көп. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін өндірудің 3,8%-ға, оның ішінде мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндірудің  4%-ға, сиыр сүтін өндірудің 4,6%-ға өсуіне байланысты.

Тұрғын үй құрылысына 168,9 млрд. теңге бағыттал­ған.  Облыс аумағында халық пен кәсіпорындардан жалпы ауданы 374,1 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған дейді мәліметтер.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Back to top button