Басылым бәйгесі
6 мамырда Қарағандыда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрлі эстафетасының жалауы желбіреді. ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңіс мерекесіне орайластырылған басылымның бәйгесі осымен 72-ші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Эстафета «Достық үйі» алаңынан бастау алды. Жүгіру қашықтығы 5,7 шақырымға созылды. Барлығы 210 команда қатысты. Яғни, 2800 адам қамтылды. Жүгірушілер 7 топқа бөлініп жарысты.
Қатысушылардың басым көпшілігі – жастар. Дегенмен, қариялар, денсаулығына байланысты топқа енгізілгендер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен әуесқой жүгірушілер де бұл бәсекеден тыс қалмады. Олар арнайы қарастырылған «Достық» тобында жарысқа түсті. Эстафета соңында үздіктер қатарынан көрінген спортшылар басылымның марапаттарына ие болды.
Нұрқанат ҚАНАФИН