Жаңалықтар

Басты назарда – халықтың әл-ауқаты

2017 жыл Октябрь ауданы үшін өте маңызды болды. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне кәсіпорындардың, ұйымдардың ұжымдары және 3 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысты. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Туған жер» арнайы жобасы іске асырыла бастады. Бұл бағдарламалар ауданымызды дамытуға шағын және орта бизнеске ақшалай қаражат салу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады және қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша түсіндіру жұмыстары басталды.

Октябрь ауданында 2017 жылы «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 70 тонна нан және нан өнімін құрайды. Бүгінгі күні тұтынушыларға 120 атаулы нан өнімдерін және әртүрлі нан түрлерін ұсынады. Нан зауытының ашылуы 400 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

Геннадий Головкин атындағы спорт кешені салынды және жұмыс істейді. Спорт кешенінде ауыр атлетика залы, баскетбол, волейбол және мини-футбол үшін универсалды спорт залы, 25 метрлік жүзу бассейні және боксқа арналған зал орналасқан.

Шағын және орта бизнесті дамыту аясында 17 ықшамауданында «REAL», 13 ықшамауданында «Аян» ірі супермаркеттері ашылды.

«2020 өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Октябрь ауданында Белинский көшесі бойынша толық емес отбасылар пәтерлер алды.

Аудан әкімінің аппараты 2017 жылы ауданды көркейту, тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды.

35 көп қабатты тұрғын үй қамтылған 6 аула аумағын кешенді көркейту бойынша жұмыстар атқарылды.

«Жаңа Майқұдық» Мәдениет үйінің эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында ғимарат алдындағы саябақ абаттандырылды. Мәдениет үйі алдындағы алаңда өлшемі 3*6 метр 2 LED экран орнатылды. Заманауи жарықтандыру тіреулері орнатылды.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша №95 гимназия алдындағы кішігірім саябақ абаттандырылды.

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлерде 2326 жаңа ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.

2017 жылы Октябрь ауданында автомобиль жолдарының орта жөндеуі жүргізілді.

«Аудан аумақтарын күту» бағдарламасы бойынша 343 аула аумақтарында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жыл сайын аудан әкімі аппараты санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс жүргізеді. 2017 жылы аумақты тегістеу жұмыстарымен қоса, жалпы көлемі 9025 куб.м, 10 қатты тұрмыстық қалдықтар үйіндісі жойылды.

2017 жылы Октябрь ауданының жергілікті полиция қызметі 7369 құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыпппұл сомасы 72,3 млн.теңге. Қылмыс және құқық бұзушылық жасаудың алдын алу мақсатында, аудандағы ең криминогенді учаскелерде қосымша бейнебақылау камералары орнатылды.

Жергілікті халықты, барлық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарды бұқаралық жұмыстармен қамту үшін жыл сайын көктемде және күзде Октябрь ауданын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар өткізілді. Барлығы 12 сенбілік өткізілді, онда 65 мыңнан астам қатысушылар қамтылған, 8 мыңнан астам ұжым қатысты. Аудандағы кәсіпорындар мен коммуналдық қызметтер 107 бірлік техника ұсынды, көлемі 4,5 мың м3, 26 санкцияланбаған қоқыс үйіндісі жойылды. Жергілікті полиция қызметімен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін абаттандыру төлқұжаттарына сәйкес, санитарлық тазарту бойынша рейдтер өткізілді. Рейдтер қорытындысы бойынша 166 субъектіге ескерту жасалды және 23 субъекттер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын, «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру аясында ауданның шағын және орта бизнестін халықтың өзекті проблемаларын шешуге қамту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2017 жылы он төрт жоба жүзеге асырылды.

Энергиямен сапалы қамсыздандыру үшін электр желілерінің ауа жолдарының 67,2 км, 22,5 кабельді электр желілерін ауыстыру бойынша, 56 трансформаторлық кіші бекеттерін жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды. Инвестициялық бағдарлама 3 трансформаторлық кіші бекет реконструкциясы іске асырылды.

2017 жылы аудандағы алты иесіз электр желісі «Қарағанды қаласының әділет басқармасы» ММ есебіне қойылды. Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімімен желілерді коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«2020 өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 36 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 14 үйде 28 лифт қалпына келтірілді. «Қарағанды облысы бойынша оңтайландыру орталығы» ЖШС атқарған жөндеу жұмыстары үшін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иегерлерінен берешек өндіріп алу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2017 жылы сот бойынша тұрғын үйлердің берешектерінен 2,9 млрд.теңге төленді.

Аудан тұрғындарына қатты тұрмыстық қалдықтарын шығару бойынша сапалы қызмет көрсету үшін Октябрь ауданы секторы бойынша 2017 жылы «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, «Эко Алем Қазақстан» ЖШС, «Ресайклинг ТК» ЖШС қызмет көрсете бастады.

Әлеуметтік саясат саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі – халықтың жағдайын жоғарылату.

Октябрь ауданында 32012 зейнеткер, 946 көп балалы отбасы, 796 батыр ана, 26 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері тұрады. Аудан әкімінің аппаратында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алу үшін көп балалы аналардан күнделікті құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты өткізу мәселелері өзекті болып қалуда. Апта сайын аудан тұрғындары үшін «Ғасыр» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық өнім нарық бағасынан 15-20% төмен сатылды.

2017 жылы Октябрь ауданында 640 орынға арналған 2 жеке балабақша ашылды. Балабақшаларда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбелеу және оқыту үшін сәйкес материалдық база құрылған.

Аудандағы 5 кәсіби-техникалық колледждегі оқыту модульды бағдарлама және дуальды жүйе бойынша ақысыз негізде өткізіледі.

2017 жылдан бастап аудандағы барлық емханалар кешендік медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Учаскелік дәрігерге жазылу мобильдік қосымша, сайт және емханалардағы өзін-өзі жазу терминалдары арқылы жүргізіледі. Емханаларда электрондық кезек және пациенттердің электрондық амбулаторлық карталары құрылды. Электрондық ресурстар заманауи байланыс құралдарымен пайдаланатындарға қолжетімді. Аудандағы барлық емханалар базасында әлеуметтік дәріханалар қызмет етеді.

Жыл сайын облыстық бюджеттен медициналық мекемелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге және медициналық құрал-саймандарды, дәрілерді сатып алуға қаражат бөлінеді.

Октябрь ауданындағы алты медициналық ұйым үшін 58 медициналық техника сатып алынды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықпен ақпараттық-түсініктеме жұмысы өткізілді.

2017 жылы аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 20118 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 15083 қызмет, «электрондық үкімет» порталы арқылы 168 қызмет, мемлекеттік органда қағаз түрінде 4876 қызмет көрсетілді.

Отбасын нығайту және сақтау үшін аудан әкімінің аппараты некеге отыруға ниет білдірген азаматтарға тренинг өткізу үшін жұмыс тобын құрды. 2017 жылы осындай 7 тренинг өткізілді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселесі бойынша Октябрь ауданында 7 Жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі жұмысын жалғастыруда. 2017 жылы Кеңестер 63 азаматты жеке қабылдады және 156 өтінішті барып қарады.

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде лауазымдық тұлғалардың халықпен байланысын шектеу бойынша, сапасын жоғарылату сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді.

2017 жылы аудан әкімінің аппаратында үш Ашық есік күні өткізілді. Онда тұрғындар коммуналдық қызметтерді көрсету, автожолдардың жағдайы, ПИК жұмысы, ауданды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту мәселелері бойынша 69 тұрғын кеңес алды. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі құқықтық мәселелер бойынша тұрғындардың қабылдауын өткізеді, 127 тұрғынға кеңес берілді.

2018 жылы Октябрь ауданында абаттандыру бағдарламасы бойынша 50 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда. Өмір сүруге оңтайлы заманауи және жақсартылған ортаны құру үшін 2 саябақты, 8 кішігірім саябақты абаттандыру бойынша жұмыстарды өткізу, яғни, тротуар жолдарын салу, сәкілер, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру тіреулерін және көгалдандыру жоспарда.

Аудан әкімі аппаратының басты мақсаты ауданның тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету. 2018 жылы көлемі 9 мың текше метр қоқыс үйіндісін жою бойынша жұмыстарды, дератизация және дезинсекция бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

С.ӘБДІҚАЛЫҚОВ,

Октябрь ауданы әкімінің міндетін

атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button