Жаңалықтар

Басты міндет – сапалы қызмет

100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.

Халыққа қызмет көрсету қазіргі таңда жоғары деңгейде. Осыған орай, «Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» тұрақты түрде халыққа қызмет етіп келеді.

Жалпы, архив дегеніміз – тарихи құнды құжаттар мен мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған мекеме.

Архивтің негізгі атқаратын қызметінің маңызды бір түрі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, яғни, жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударымын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін растау туралы өтінімдерді орындайды және құжаттардың түпнұсқасын, көшірмелері мен архивтік анықтамаларды береді. Сұранымдарды орындау – архив жұмысының ең жауапты бөлімі болып саналады. Сондықтан, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінде төменде жазылып кеткен мекемелердің кұжаттары бар: Қазақ Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық көмір институты (КазНИИуголь), Карагандагорсельпроект, Қарағандының ботаникалық бағы, Қарағанды көмір жобалық кеңсесі, Центрказгиппроводхоз, Кадастрлық бюросы, Водоканал, Вет.станциясы, Гипроуглегормаш, Казфармацевинституты және тағы басқа қорлар бар.

Архивте мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданамыз. Олар:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «15 сәуірдегі № 88-V Заңы».

2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуіріндегі №27/05 қаулысымен бекітілген «Мұрағат анақтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

3. Қазақстан Республиксы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы №16 бұйрығы «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және тағы басқалары.

Көп жағдайларда сұраным беретін азаматтар толық құжат тапсырмайды. Мұндай жағдайлар архив маманына сұранымды орындауда қиындық туғызады және де құжатты іздеуге ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан, әр азамат архивке келгенде құжаттарын түгендеп жеке куәліктерінің, еңбек кітапшаларының көшірмелерін алып келіп, өтініш бланкасын дұрыс толтырып тапсыруы керек.

Енді, архивтен анықтаманы қалай аламыз, соған тоқталсақ:

Көрсетілетін қызметті өтінім беруші құжаттардың көшірмесін қабылдау және өтінішті тіркеу;

Іс-қимыл нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қабылданғанын растайтын құжатты беру;

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамасын қою және көрсетілетін кызметті жауапты орындаушыға беру;

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан көп ұйымның, сондай-ақ, уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады. Бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады;

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет нәтижесін қалыптастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;

Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.

Мемлекеттік қызмет 14 күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.

Сондықтан, өтінім берушілер архивтік анықтамаларын «Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архив» КММ-ден ала алады.

Назым БЕКЕНОВА,

«Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік

архив» КММ мұрағатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button