Басты байлығымыз
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқи келе, біздің көп этносты қоғамда Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының арқауы – туған жерге деген сүйіспеншілік, патриотизм, сенім, достық пен махаббат сияқты мызғымас құндылықтарды топтастырып отырғанын айта кеткім келеді.
Өйткені, «Нұр Отан» партиясы Осакаров аудандық филиалында түрлі этнос өкілдері мүшелері партия қатарына қабылданған. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесім ауданымызда берік сақталып келе жатыр.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, Елбасы бастамасы бойынша қолға алынған «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобасы қызу қолдауға ие болды. Рухани жәдігерлеріміз аудандық тарихи өлкетану музейінде жинақталған.
Ауданымыздағы 56 этностың тату тұрмысын паш ететін рухани және мәдени құндылықтарымыз жеткілікті.
Елбасы көтерген тағы бір бастама – бұл қазақ жазуының латын әліпбиіне кезең кезеңмен көшіру мәселесі. Мұның да басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Нәтижесінде, елімізде латын әліпбиіне көшудің игі бастамасымен «Әлемнің ең үздік 100 оқулығы» латын тіліне аударылып, дайындалмақ. Бұл мәселе 2012 жылдан айтылып келеді. Қазақстанның дамуында латын әліпбиі арқылы дамудың 11 жылдық тарихи тәжірибесі (1929-1940 жылдар) қалыптасқандықтан, Елбасының мақаласын әрбір қазақстандық Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің бағасы деп түсінгені абзал.
Басты байлығымыз – бейбітшілік және келісім.
Динара БЕКОВА,
«Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші
орынбасары.
ОСАКАРОВ ауданы.