Спорт

Бас жүлде – 1 млн. теңге

«Арманға жол» жартылай марафонына қатысамын» деушілер саны мыңнан асты. Бұлардың қатарында отандастарымыздан бөлек, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінің өкілдері бар.
Аталған спорт мерекесі 20 мамырға жоспарланған. Қатысушылар «Арманға жол» (21 шақырым), «Спутник» (14 шақырым), «Достық» (7 шақырым) және «Балапан» (2 шақырым) қашықтықтарында жарысқа түседі. Соңғысы 8-14 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған.
Бас жүлде – 1 млн. теңге «Арманға жол» қашықтығында бірінші келген желаяққа беріледі. Сондай-ақ, ІІ орынға – 650 мың теңге, ІІІ орынға – 400 мың теңге, ІV орынға – 300 мың теңге, V орынға – 200 мың теңге, VІ орынға – 150 мың теңге қарастырылған. Бұдан бөлек, басқа қашықтықтар жеңімпаздарына да жүлде табысталады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button