Облыс әкіміРесми

Барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалады – Жеңіс Қасымбек

Коронавирусқа қарсы күрес шығындары жоспарланған әлеуметтік бағдарламаларға әсер еткен жоқ. Барлық міндеттемелер орындалады. Облыстық бюджет жаппай іс-шаралар бөлігінде оңтайландырылды, Ал үнемделген ақша дағдарысқа қарсы және эпидемияға қарсы шараларға бағытталды.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасында өткен брифинг барысында мәлім етті.

– Жоспарланған әлеуметтік бағдарламаларды қысқартқан жоқпыз, олардың барлығы толық көлемде жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үйлер, жолдарды, уәде еткендей, салудамыз. Біз бюджетті оңтайландырдық. Бірақ бұл тек форумдар, көрмелер, мәдениет және спорт саласындағы іс-шаралар өткізу сияқты бағыттарға қатысты. Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалады, – деді аймақ басшысы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Үнемделген қаражаттың бір бөлігі эпидемияға қарсы шараларға жіберілді. Ақша қажетті медициналық құрал-жабдықтарды, өкпені жасанды демалдыру аппараттарын сатып алуға жұмсалды, деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Оңтайландырылған қаражат “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына бағытталды.

Республикалық және облыстық бюджеттен дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарын, медициналық жабдықтарды сатып алуға, ТЖ қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуге және басқа да қажеттіліктерге 4,8 млрд теңге бөлінді.

ТЖ режимі және карантинге қарамастан облыс экономикасы дамып келеді, деп атап өтті өңір басшысы. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің 3 пайыздық өсуі күтілуде.

– Қазірге қарқындарды төмендетпеу үшін дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді. Оған экономиканың негізгі салалары бойынша 108 іс-шара кіреді. Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 1 трлн теңгеден астам сомаға 41 инвестициялық жоба жоспарланған, – деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек стратегияны.

Басты міндеттердің бірі тұрғындардың тұрақты табысы болуы үшін оларды жұмысқа орналастыру болып табылады, деп атап өтті облыс әкімі. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы бойынша нысандарды салу, жөндеу және абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларға 63,7 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстарға жергілікті компаниялар жұмылдырылған.

“Еңбек” бағдарламасын жүзеге асыруға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмыссыздар кәсіптік даярлау немесе қайта оқыту курстарынан өтіп, кәсіпкерлік негіздерін оқып, шағын несие немесе гранттар ала алады. Сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі сияқты көмек түрлері қарастырылған. 

Басқа материалдар

Back to top button