Барлаудың берері мол
Облыс әкімдігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазжерқойнауыорталығы» Өңіраралық департаментімен бірлесіп Қарағанды облысының минералды-шикізат базасын дамыту перспективаларын әзірледі.
Минералды ресурстар шығару үдерісіне мемлекеттің қатысуы өзін-өзі ақтап, дамыған елдердің барлығында дерлік бар.
Әдетте мемлекет табыс әкелмейтін, алайда, геологиялық және тау-кен өндіруші саланы одан әрі дамыту үшін негіз болатын өңірлік геологиялық және іздестіру жұмыстарына қатысады.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары әзірленген.
Осы бағдарламаны іске асыра отырып, жыл сайын мемлекеттік бюджеттен Қазақстан аумағында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінеді, соның ішінде, Орталық Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы 2,617 млрд. теңге бөлінді.
2017 жылдың 9 айында «Қазжерқойнауыорталығы» ӨД (Орталық Қазақстан) қызметінің аумағында геологиялық-барлау жұмысының негізгі көлемі «Жер қойнауын рационалды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық зерттелуін арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет есебінен орындалды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстар 46 нысан бойынша, соның ішінде, өңірлік геологиялық-түсіру жұмыстары – 11 нысан, іздестіру жұмыстары – 19 нысан, жобалық-сметалық құжаттама құрастыру – 14 және жерасты суларының мониторингі 2 нысан бойынша жүргізілуде.
2017 жылы 46 нысанның ішінде «Жер қойнауын рационалды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық зерттелуін арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2015 жылы басталған 14 нысан бойынша жұмыстар аяқталады.
Бүгінгі таңда M-42-XXVI парағын инженерлік-геологиялық зерттеумен гидрогеологиялық зерттеуді аяқтау нысаны бойынша жұмыс қорытындылары қабылданды, оған сәйкес аумақтың геологиялық жағдайының заманауи қалпын көрсететін гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық карталар кешені құрастырылды.
Сонымен қатар, Бидайық учаскесі бойынша жұмыс қорытындылары шығарылды, оның аясында Жұмбақ кен алаңы берілді және мыстың болжамды қоры – 8250,8 мың тонна, алтын – 826,1 тонна, молибден – 164,9 мың тонна.
Қалған 12 нысан бойынша барлық далалық геологиялық-барлау жұмыстары аяқталды және осы уақытта соңғы геологиялық есептерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылдың аяғына дейін Орталық Қазақстан өңіраралық департаментінің қызмет алаңындағы 14 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама құру бойынша жұмыстар аяқталады, олар бойынша жұмысты 2018 жылдың 2 тоқсанында бастау жоспарланған.
Сонымен қатар, 2016 жылы келесі нысандар бойынша аяқталған геологиялық-барлау жұмыстары бойынша қорытындыларды атап өту қажет:
– Қаражал кен торабының шегінде алтынның кен орындарында іздестіру жұмыстары, L-43-XIII парағы. Алтынның болжамды қоры – 9,2 тоннаны, күміс – 12,4 тоннаны құрайды.
– Батыс Қумолы учаскесінде (Жезқазған өңірі) мысты іздестіру жұмыстары. Мыстың болжамды ресурстары 7897,2 мың тоннаны, күміс – 15,1 мың тоннаны құрайды.
– М – 42 – XXII, XXIII парақтарының болжамды қорларын бағалаумен геологиялық зерттеуді аяқтау (Қарағанды облысы), жұмыс көлемі 10706 шаршы шақырым, алтынның болжамды қоры – 104,0 тонна, мыс – 525,0 мың тонна.
– М 3- XX, XXI парақтарының болжамды қорларын бағалаумен геологиялық зерттеуді аяқтау (Қарағанды облысы), жұмыс көлемі 10 706 шаршы шақырым, алтынның болжамды қоры – 21,5 тонна, мыс – 2960,0 мың тонна.
Жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу ҚР минералды-шикізат базасын толтыру үшін негіз болады.
Осы жұмыстар Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесіне көшуіне жол ашады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 2018 жылы қабылдануы минералды-шикізат кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады, еліміздің минералды-шикізат базасын тек бюджеттік қаражат есебінен ғана емес, сонымен қатар, жеке инвестицияларды тарту есебінен кеңейтуге, жас компаниялар нарығын дамытуға мүмкіндік береді.
Барлау бойынша жұмыстар мыс, темір, полиметалл кендері, алтын және күміс бойынша қорлардың артуын қамтамасыз етеді. Бұл өңір өнеркәсібін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ғ.ЖҰМАСҰЛТАНОВ,
Қарағанды облысының
өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық
даму басқармасының
басшысы.
А.ШАЛАБАЕВ,
«Орталыққазжерқойнауы» ӨД басшысы.