Қарағанды

Бар қазақтың басын қосар жазу

   ҚР Президенті “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында таяу жылдардың міндеттерінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау тұрғанын айтты. Бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажет, сондықтан оған кірісуге мұқият дайындық жүргізілуде. Қазір мектептерде балалар ағылшын тілін оқығандықтан латын әріптерін  біледі. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық кедергілер болмақ емес.

Біздің қазақ тілінің әліпбиінің тарихы VI-VII ғасырларда көне түркілердің руникалық жазуынан басталады. Әлемдегі  өркениетті 100 ел бүгінігі күні латын әліпбиін қолданады. Соның ішінде Түркия 1929 жылы, Әзірбайжан 1992 жылы, Өзбекстан мен Түркіменстан 1993 жылы көше бастады.

V-XV ғасырларда Түркі тілі Еуразия құрлығының ауқымды бөлігінде ұлт аралық қатынас тілі болды. Халқымыз ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. X ғасырдан XX ғасырдың 20-30 жылдарына  дейін Қазақстанда араб әліпбиі қолданылды.

1928 жылғы 10-шы қазанда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі түрік-татар халықтарында латындандырылған түрік-татар жаңа әліпбиін енгізу туралы  қаулы қабылданды. Сөйтіп, латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келіп, кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылдың 13-шы қарашасынан бастап орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Осылайша қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарих негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінде осы латын әліпбиінде жазылған құжаттар Қарқаралы округінің атқару комитетінің, ауылдық, селолық кеңестің, Қарағанды облысының партия комитетінің (большевиктер партиясы), 1929-1941 жылдар аралығындағы тағы басқа құжаттарды қамтиды. Бұл құжаттар өңіріміздің тарихын суреттейтін құнды деректеріміз.

Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің ұжымы да осы рухани жаңғыру – латын тіліне көшуді қолдаймыз. Ендігі жұмыс – ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау. Архивистердің алдында тұрған үлкен мақсат  іс қағаздарын жүргізуде арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар  дайындауға кірісуіміз қажет.

Сөйтіп, латын әліпбиі жер жүзіндегі барлық қазақтың басын қосатын, оларды бір-бірімен жақындастырып, ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, біртұтас ұлт ретінде өсіп-өркендей беруіне мүмкіндік беретін ең негізгі жазу болады деген сенімдеміз.

Жаңагүл ТҰРСЫНОВА,

Қарағанды облысының

мемлекеттік архивінің басшысы,

педагогика ғылымдарының

кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button