Ресми

Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдар туралы айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: jurist03.ru

– Банкроттық рәсімін пайдалана алатын ипотекалық қарыз алушылардың саны шамамен 6,5 мың адамға жетіп отыр. Қазіргі уақытта барлық ипотекалық несие портфелі шамамен 4,7 трлн теңгені құрап отыр және 449 мыңға жуық қарыз алушы тіркелді, – деді Н.Әбдірахманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, баспананы сақтап қалу үшін тұрғындарға мерзімі өткен несиені қайтаруға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі реттеу тәртібі қарастырылған.

– Бұл тәртіп былтыр күшіне енген еді. Оған сәйкес қарыз алушы төлем мерзімі кешіктірілгеннен кейін, 30 күн ішінде өтініш береді және банк несиені қайта құрылымдау туралы өтінішті 15 күн ішінде қарауы керек. Сондай-ақ, 2022 жылы ипотекалық несие алушылардың құқықтары заңнамалық тұрғыда күшейтілді, – деді Н. Әбдірхаманов.

– Жалпы, агенттік әлеуметтік жағынан осал санаттағы қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша әрекеттерді іске асырып жатыр. Олар үшін 2015 жылдан бастап ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы ескерілген. Оның аясында қазірдің өзінде 9,5 мыңға жуық азаматтың қарызы бойынша ауыртпалығы жеңілдеді. Біз бұл бағдарламаны биылғы шілде айына дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы 967 мыңға жуық қарыз алушыға қосымша қаржылай қолдау жасамақпыз, – деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы жабылмаған адамдар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button