Балалар, Сіздер үшін…

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасын іске асыру жалғасуда.

  Жоба мақсаты: авторлармен таныстыру арқылы жасөспірімдерді заманауи қазақстандық әдебиетті оқуға жұмылдыру.

Осы бағытта айтулы балалар жазушысы, бірқатар халықаралық әдеби байқаулар мен сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Наталья Инжевская жас оқырмандармен кездесті.

Жүздесу барысында автордың «Сарыарқаның сиқырлы ертегілері» сериясы аясында «Тюльпан счастья» және «Приключения ослика Жайдара» атты екі жаңа кітабының тұсауы кесілді.

Диалог барысында балалар жазушыға көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жазушы жас оқырмандарына қолтаңба қойып, кітап сыйлады.